» » ТАҒЫ ДА ГРАНТ БӨЛІНДІ

ТАҒЫ ДА ГРАНТ БӨЛІНДІ

jedel suhbat

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына 5 мың білім гранты бөлінді. Оның 390-ы Қызылорда облысына бағытталғанын бұған дейін де жазған болатынбыз. Білім грантына кімдер қатыса алады? Қандай талаптары бар? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын білмекке облыстық білім басқармасының ресми өкілі Абай Тағыбергенмен жедел сұхбаттастық.
− Грантқа кімдер қатыса алады?
− Конкурсқа биыл мектеп бітірген және өткен жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан талапкерлер тапсыра алады. Талапкерлер жоғары оқу орындарында бакалавр деңгейінде білімін алады. Білім беру гранттарын иелену үшін түлектер көп балалы отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар дәрежесінде екендігін растайтын құжаттарды ұсыну керек. Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 5-10 тамыз аралығында, білім беру гранттарын беру 15 тамызға дейін қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.
− Мамандықтар тізімі белгілі ме?
− Конкурсқа қатысатын азаматтар тек ЖОО бөлінген гранттарға түсе алады. Қызылорда облысына бөлінген 390 гранттың 61-і педагогикалық салаға, 329-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауылшаруашылығы және биоресурстар мамандықтарына арналып отыр. Мамандықтар тізімі басқарманың фейсбук парақшасында жарияланды.
− Қандай құжаттар қажет?
− Ең маңызды 5 құжат ұсынылуы тиіс.
*Белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;
*Білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түнұсқа)
*ҰБТ сертификаты
*086-У нысаны бойынша медициналық анықтама
*жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
Құжаттар, №9 «Білім-инновация» лицейі базасында қабылданады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №10, құжаттар қабылдау сағат 9.00-19.00 аралығында қабыданады.  
− Алдыңғы жылдары мектеп бітірген түлектер аттестатымен осы грантқа өтініш берсе бола ма?
 − Өткен жылы бітірген, бірақ ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын биыл тапсырған түлектер конкурсқа қатыса алады.
− Комиссия жұмысы ашық өте ме?
− Гранттарды беру Білім және ғылым министрлігінің №122 бұйрығы және Үкіметтің №58 қаулысына сәйкес жүргізіледі. Нормативтік құжатта комиссия мүшелері бекітілген. Арнайы комиссия шешімі негізінде грант алушылардың тізімі БАҚ арқылы жарияланады.
Гүлбану МАҚАЖАН
03 тамыз 2019 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031