» » ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ҚАРЫШТАП КЕЛЕДІ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІ ҚАРЫШТАП КЕЛЕДІ

  Тамыздың 16-17 күні Азия чемпионатын Моңғолияда өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір федерация өтінімдерді қабылдап, әдеттегідей салмағы, сәйкестігі сияқты параметрлермен таңдау жүргізіп, ұйымдастыру мәселесі шешіліп жатыр.
Qazaq kuresi Азия чемпионатына барлығы 100-ден аса спортшы қатысады деп күтілуде. Қазіргі күннің өзінде Қытай, Жапония, Үндістан, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғыстан және тағы да басқа мемлекет палуандары белдесуге ниет білдірген.
Халықаралық қазақ күресі федерациясы – ұлттық спорт түрін әлемдік деңгейде дамытып, халықаралық серіктестер мен спортшылардың басын біріктіріп жүрген бірлестік. Әлем бойынша ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда. Жуырда ғана Польшаның Вроцлав қаласында спорттың осы түрінен Еуропа чемпионаты өтті. Бәсекеге Албания, Армения, Әзербайжан, Австрия, Беларусь, Болгария, Кипр, Эстония, Грузия, Грекия, Исландия, Израиль, Италия, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Румыния, Ресей, Сербия, Словения, Испания, Украина секілді 24 елден 113 палуан қатысты. Еуропа чемпионатында алғаш рет Ирландия, Италия, Испания ұлттық құрамалары өнер көрсетті. Биыл қазақ күресінен халықаралық федерацияның құрылғанына 2 жыл толды. Федерация құрамына 29 шетел және екі халықаралық спорт ұйымдары кірді. Жақын арада тағы 10 шетелдік мемлекет қосылады.
14 тамыз 2019 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031