Астанада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді
2018 жылдың 26 тамыз күні Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады.
Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.
«Чемпионатқа мықты деген палуандар қатысады. Айталық, Моңғолиядан дзюдодан чемпион, Еуразия барысының күміс жүлдегері атанған Ган Товшинжаргал қатысады. Ал, Өзбекстаннан Эркин Данияров бар. Ол әлем чемпионы, Өзбекстанның екі дүркін чемпионы атанған спортшы, әрі қазақ күресінің ережелерін өте жақсы біледі. Қырғыстан мен Жапонияның да командары осал емес. Сондықтан біздің палуандарымыз медаль алуы үшін біраз тер төгуі керек. Оңай жеңіс болмайтыны анық», - деді Ұлан Рысқұл Қазақ күресінен халықаралық федерациясының Бас директор кеңесшісі, Қазақстан барысы атанған спортшы.
Жарыс 8 салмақтық дәреже және абсолюттік бойынша өтеді.
Азия Чемпионаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Самрұқ Қазына әл ауқат қоры, ERG Еуразиялық тобының қолдауымен жүзеге асуда. Ұйымдастырушылары «Халықаралық қазақ күресі федерациясы» ЗТБ.