Ең жас шекарашыны білесіз бе?

Алмаз Манапов бала күнінен ақ, шекара қызметінде жұмыс істеуді армандады. Бала арман бүгін шындыққа айналған. Қазіргі таңда 20/19 әскери заставасында қызмет етеді. Тағы бір айта кететіні, Алмаз біздің аймақтың ең жас шекарашысы .
"Әскери қызметшілердің жоғары жауынгерлік рухы мен моральдық күші жеке тұлғаны дамытуға бағытталған мақсатты және жоспарлы тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады. Оны жүзеге асыратын офицерлердің өзі ең алдымен бағынышты адамдарға үлгі-өнеге бола білу керек. Жасымас жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекше тұлғаланып тұруы тиіс. Мен әскеріміздің айбынын асқақтатуға үлес қосып жатырмын деп ойлаймын және отандастарыма мереке қарсаңында тілек білдіргім келеді. Бейбітшілік туын желбіреткен Тәуелсіз еліміздің бағы таймасын, аспанымыз ашық болып, қабырғасы еш уақытта сөгілмесін, Қарулы Күштеріміздің сарбаздарына амандық-саулық, қайрат мінез тілейміз"-дейді жас шекарашы
Байтүгей СУАН