Мемлекет шекарадан басталады

Шекараны күзету кезінде жергілікті тұрғындардың да көп көмегі зор. Шекара аймағында тұратын халық шекара бұзушыларды ұстауда
ерекше қырағылық танытып, әскерилерге ұдайы көмек көрсетеді. №2019 әскери бөлімінің қорғау нысаны Арал ауданының әкімшілік аймағынан бастау алып, Жаңақорғанға дейінгі аралықты қамтиды. Құрылған жылдан бастап біздің шымыр шекарашылар елге заңсыз өтпек болған келімсектерді ұстап, контрабандалық тауар тасушының жолын кескен. Ел қазынасының ортаймауына орасан үлес қосқан.

ерекше қырағылық танытып, әскерилерге ұдайы көмек көрсетеді. №2019 әскери бөлімінің қорғау нысаны Арал ауданының әкімшілік аймағынан бастау алып, Жаңақорғанға дейінгі аралықты қамтиды. Құрылған жылдан бастап біздің шымыр шекарашылар елге заңсыз өтпек болған келімсектерді ұстап, контрабандалық тауар тасушының жолын кескен. Ел қазынасының ортаймауына орасан үлес қосқан.
Егемен ел тыныштығының кепілі – шекара тыныштығы. Шекара қызметін қамтамасыз ету бойынша түрлі шаралар өтеді. Бабалар ерлігін келер ұрпаққа дәріптеп, ерлігін жалғастыру Отан қорғаушы әрбір азаматтың борышы десек, шекара заставаларына халық батырларының есімі берілді. Соның бірі, 2017 жылы ашылған Сыр бойындағы «Қызылқұм» заставасына Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімі берілгені белгілі. Батыр баба ерлігін дәріптеу шекарашы жігіттерімізді рухтандырады.
Айтпақшы, көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын шекарасының ұзындығы, табиғи жағдайы сан түрлі. Ми қайнатар ыстығы, алты айға созылар ақ бораны, долы дауылы мен үскірік желі – бұның бәрі біздің шекарашылар үшін өз міндеттерін абыроймен орындауға кедергі емес. Елбасының халықаралық аренадағы қол жеткізген ең биік жетістігінің бірі – көрші мемлекеттермен арадағы шекараны нақтылап, бекітіп, алдағы уақытта еш алаңдамауға сіңірген еңбегі баршаға аян. Бүгінде Қытай Халық Республикасы, ТМД елдерімен шекара шешімі толығымен аяқталған, жасақтар мен бекеттер толық орналастырылған. Нақты сандарға тоқталсақ. Бүгінгі күні ҰҚК қарасты Шекара қызметі жалпы ұзындығы 15132 шақырым шекараны күзетсе, оның 2355 шақырымы Өзбекстанмен, 426 шақырымы Түркіменстанмен шектеседі, ал Ресеймен байланысты 7548 шақырым әлемдегі құрлықпен өтетін ең ұзын шекаралық сызық ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Теңіздегі шекара – 1779 шақырым, қарт Каспийдің үстімен өтеді. Кедендік одақпен біздің елден өтетін сыртқы шекараның ұзындығы – 7805 шақырым.
«Шекара мәселесінде ұсақ-түйек деген мүлдем болмайды. Біз үшін ата-бабамыздан қалған атамекеннің әр пұшпағы аса қымбат. Сондықтан бұл істе біз аса ыждағаттылық пен қырағылық таныттық» деп Елбасы атап өткендей, ел шебі саналатын мемлекеттік шекараның мәні мен маңызы қанша ғасыр өтсе де төмендемейді.
Түйін. Күннің батуы шекарада біздегідей жұмыс күнінің бітуін білдірмейді. Керісінше, мұндағылар шекараны қырағы көзбен қадағалайды. Кез келген уақытта дабыл қағылуы мүмкін. Әсіресе, контрабандалық жолмен оңай олжаға батқысы келгендер түн жамыла жортатыны бар. Өйткені, жау – жар астында. Шекарадан қауіп көп. Сондықтан бес қарудың бабында болуы шекарашылар үшін маңызды. Жоғарыда айтып өткендей, елді қорғау қызметі мемлекеттің қауіпсіздік саласында қастерлі қызмет. Сондықтан шекара қорғау мәртебесі әрбір жігітке бұйыра бермесе керек. Бұл міндетті атқаруға көзінің оты бөлек ерекше азаматтардың тартылуы сондықтан.
Ержан ҚОЖАС