АУДАНҒА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
Есеп беру жиынына облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаты Жанарбек Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру жиында дамудың дағыл жолына түсіп, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша өркендеген Ақжарма ауылдық округінің әкімі Қ.Нұрсейіт пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Кенбаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен бірге, облыс бойынша кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше басымдық берілуіне байланысты аудан әкімі алда тұрған мақсат-міндеттерді атады. Есеп беру жиынында ауыл ақсақалы Қ.Ысқақов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жұмысына өте жақсы деген баға беріп, шынайы ризашылығын білдірді.
Сырдария ауданында атқарылып жатқан жасампаз жұмыстар ауданның дамудың даңғыл жолына түскенін білдіреді. Бүгінгі таңда көш басындағы ауданда барлық салада өсу, даму, өркендеу бар. Межелі міндеттер де іркіліссіз іске асуда. Бүгін соны серпілістерге толы ауданның Іңкәрдария ауылдық округінде де Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес есеп беру жиыны өтті. Есеп беру кездесуіне облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев былтырғы жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, кеңкөлемді баяндама жасады. Ауданның қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен аудан басшысы 2017 жылы ауданның мектеп бітіруші түлектері ҰБТ қорытындысы бойынша облыста екінші орын иеленгенін айтты. Сондай-ақ, негізгі даму көрсеткіштеріне кеңінен тоқталды. Есеп беру жиынында Іңкәрдария ауылының әкімі С.Есдәулетов пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Ә.Жеңісбековтің есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиын соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Сырлыбаев сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің жұмысына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов ауданда соңғы жылдары көптеген жұмыстар атқарылғанын айтып, алдағы уақытта да ілкімді істер жалғасын табатынына сенім білдірді.