Мешіт әдептеріне мұқият болсақ

Әуеліде некесін қидыртуға кеп тұрған жастардың жанындағы қыздардың қысқа кигені ерсі көрініп еді. Ащы суға тойып алып, шайқалақтаған жігіттерді көргенде тіпті түңіліп кеттім. Сол мешіттің қызметкері болу керек ана жастарға "мешітке бұлай кіруге болмайды ғой"-деп еді шайтан судың күшіне сенген бір жігіт "кіреміз де шығамыз ғой"- деп дүрс еткізді. Құдды бір мешітке емес, дүкенге кіріп келе жатқандай ерсі қылығына бас шайқағандарды елеп тұрған ол жоқ.
Тағы бір айта кететін жәйіт қыз балалар құран оқылғанда бастарын салфеткамен жаба салады. «Нұр» сүресінің 31-аятында«Мүмін әйелдерге айт: Бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ, олардың өздігінен көрінгендерінен басқа (беті, алақаны білезікке дейін және аяғы тобыққа дейін). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін»,-деген. Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте.
«Алла елшісі (с.ғ.с.): «Егер мешіттің ішінде бір нәрсе сатып немесе сатып алып жүрген адамды көрсеңдер оған: «Алла тағала саудаңа береке бермесін» - деп айтыңдар. Сондай-ақ, мешіттің ішінде жан-жағына дауыстап сұрау салып, жоқ іздеп жүргенді көрсеңдер оған: «Алла тағала саған іздегеніңді сол күйі таптырмасын», - деп айтты» - делінген (Тирмизи, буйуғ 75).
Жетпіс жыл бойы орыстың боданында болып олардың түкке қажетсіз үйлену ережелерін өзімізге сіңіріп алғанымызды байқамай қалдық. Өзгенің дәстүріне бойынсұнамыз да қасиетті Құранымызда ойып жазылып тұрған ережені орындамаймыз.
Сәл ойлансақ дұрыс болар еді.
Байтүгей СУАН