» » 96980 адам кезекте тұр

96980 адам кезекте тұр

  Бүгінде облыс бойынша ауыл шаруашылығы бағытында пайдаланып отырған жердің көлемі 2,7 млн. гақұрайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев баяндады.
Бұл жерлерді пайдаланып отырған тұлғалардың жалпы саны – 5301 болса, оның ішінде 4879 шаруа қожалығы, 422-сі заңды тұлғалар. 2017 жылдан бастап облыстың барлық жер қорына талдау жұмыстары жүргізіліп келеді. Осы аралықта жер көлемі 182,5 га, жер пайдаланушылардың саны 857-ге  артқан. 2019 жылы барлығы 57,1 мың га жерлерді айналымға алу жоспарланған. Жалпы жерге орналастыру жұмыстарына жергілікті бюджеттерден 21,8 млн теңге қаралып, жобалау жұмыстары жүргізілген. Мәселен, бір ғана Cырдария ауданы бойынша 1811 гектар болатын 12 жер учаскесіне тиісті мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерден келісім алу шаралары жүргізіліп, тізім аудан әкімдігімен бекітілген. Ал Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары және Қызылорда қаласы бойынша конкурсқа шығарылатын жерлердің тізімі жасақталған.
Биыл бас-аяғы облыс бойынша 14 аукцион өткізіліп, көлемі 50,3 га құрайтын 80 учаске сатылған. Соның арқасында бюджетке 38,3 млн теңге қаржы түсірілген.  Сонымен қатар жерді зерттеу мәселесіне де қозғалып, жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Жер қатынастарын реттеуді жетілдірудің 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарымен жердің сапалық жай күйіне зерттеу басталғанын білесіздер.  Бұл жер кадастры бағдарламасы негізінде республикалық бюджет есебінен жүргізіліп отыр. 2019 жылы 450,0 мың га жерде топырақ зерттеу шаралары жүргізіледі. Бүгінгі күнге дайындық кезеңі аяқталып, далалық зерттеу жұмыстары басталды. Ал геоботаникалық зерттеулер 2019-2020 жылдары жүргізіледі. Жұмысты 5 далалық бригада орындайды. Қазіргі уақытта 500,2 мың га жер зерттелді, яғни жұмыстардың 50 пайызы орындалды, – деді Шахмардан Қойшыбаев.
Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 96980 азамат кезекте тұр, оның басым көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде  –  62282. Соңғы бес жылда барлығы 10741 учаске берілсе, оның ішінде былтыр – 1179, ал биыл 260 жер учаскесі табысталған.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
25 тамыз 2019 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031