» » ТӨРЕҒАЛИДІҢ ҚАРЫНДАСЫ АҒАСЫ МЕН ЖЕҢГЕСІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ БАР ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ

ТӨРЕҒАЛИДІҢ ҚАРЫНДАСЫ АҒАСЫ МЕН ЖЕҢГЕСІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ БАР ШЫНДЫҚТЫ ЖАЙЫП САЛДЫ

  Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі заңды жұбайын бірнеше жыл бойы жасырып келіп, екі жыл бұрын ғана дүркіретіп тойын өткізген еді. Десе де тойында Толқын туралы алғаш рет сұхбат беріп, мұнан кейін отбасы туралы тіс жармаған еді. Алайда Төреәлі әулетінің бір мүшесі жұлдызды отағасы мен оның отбасы туралы ашық айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жеңгесі Толқын туралы сөз қозғаған Төреғалидің қарындасы Дина Төреәліқызы ағасының жеңгесін таныстыру үшін алғаш рет үйге алып келген сәтін еске алды. Айтуынша, аға-жеңгесі шаңырақ көтергеннен кейін де олардың сәбилі болатынын алғаш болып өзі білген.
«Ағам үйленбей тұрып отбасымызда 5 адам едік, енді бір үйде жеті қыз бармыз. Аллаға шүкір! Үйге жеңгемді таныстыруға алып келгенде, мен ойыншықтарымды көрсеткенім есімде. 5 қуыршағым болатын. Өте балажан едім, әлі де солай. Алланың қалауымен жеңгем қатарынан үш сіңілімді дүниеге әкелді ғой. Қазір оларсыз өмір сүруді елестете алмаспын… Ең алғаш аяғы ауыр екенін маған айтқан еді. Менің сол кездегі эмоциямды көрсеңіздер. Екеуіміз құшақтасып қуаныштан бір сағат жылағанмын», – дейді Дина.

Өз сөзінде Төреғалидің қарындасы ағасы үйде болмаған кезде жеңгесінің жанында жатып, түні бойы сыр шертісетінін айтты.

«Кішкентайлар өмірге келмей тұрып, ағам басқа қалада болғанда жеңгемнің қасында ұйықтайтынмын. Әпкем, жеңгем үшеуіміз жатып алып, таңға дейін әңгіме айтып, армандаушы едік», – дейді бойжеткен.

Сонымен қатар Динаның сөзінше, Төреәлі әулетінде үйдің бар шаруасын келін атқаруы тиіс деген заң жоқ.
«Үйдің тірлігі тек бір келінге қарау керек деген заң жоқ! Бір-бірлеріңнің арттарыңды жауып, істелінбеген тірлік болса, бөліп-жармаңдар. Үй бәрімізге ортақ, тазалығы да ортақ болуы тиіс!”-деп үнемі мамам үшеумізіге ақыл айтып жүреді. «Маманың гүлдерін үйге кіргізіп, су құйып қояйық, ренжиді, ұрысады», – деп жүреміз дызылдап», – дейді Дина Әлихан.

Бойжеткеннің айтуынша, салт-дәстүрді сақтаған жеңгесі қайын сіңлілеріне арнайы ат қойған. Әпкемді бикеш, мені ерке (қыз) деп атайды, дейді ол.

Сондай-ақ, Дина Төреәліқызы жеңгесінің Дубай, Дели, Мумбай, Гоа, Милан, Венеция, Барселона, Гуанчжоу, Пекин, Париж тәрізді елдерде болып, білім алғанын айтты.

Сонымен қатар Төреғалидің қарындасы ағасы мен жеңгесінің қарым-қатынасы, сыйластығына тәнті екенін жасырмады. Ол жеңгесі Толқынды өзіне үлгі тұтады екен.

«Инстаграмда» парақшасы түгілі, өзі телефонына бағдарламаны жазып алмаған. Яғни басқалардың пікірін оқып, уақытын бос өткізбейді. Ағам екеуінің бір-біріне деген сыйластықтары мол. Ағамның бар жағдайын жасағаны, үйдегі келіндік міндеті –бәрі бізге сабақ. Оны өзі де айтады. «Мен сендерге болашақта үлгі боламын», -дейді. Адамның бойынан тек жақсылығын көре білу де үлкен өнер. Қайсы бірін жазайын. Жеңгем үйге келін болып түскеннен бастап, 4-5 жылдың ішіндегі бақытты сәттерді жазатын болсам мына жерге сыймайды ғой. 10 том кітап жазып шығармасам», – деп жазды Дина Әлихан Instagram-парақшасында.
22 тамыз 2019 ж. 1 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031