» » Төреғалидің анасы келініне жасалған ота жайлы айтты

Төреғалидің анасы келініне жасалған ота жайлы айтты

  Наурыз айының 4-і күні ұлды болған Төреғали жақында келіншегі мен атұстарын перзентханадан шығарып алды. Анасының айтуына қарағанда, үш қыздан кейін ұл сүйген әнші кереметтей сезімге бөленген.

Бұл туралы Төреғалидің анасы 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
"Жүрегі жарылып, кереметтей сезімде болды. Әлі күнге дейін басылар емес. Бұған дейін де үш қызымыз бар ғой, бірақ ұлдың орны ерекше екен", - деп ағынан жарылды әншінің анасы. 
Сөзіне қарағанда, Толқын сәуір айының соңына қарай босануы тиіс болған. Алайда Төреәліұлы Төренұр өмірге келуге асықса керек-ті. 
"Осы босанған кезде аяқ астынан болды. 20 минуттың ішінде ота жасалынып алынды. Сол себепті қасында бола алмадық. Кезекті көрінуге келген кезде жату керек деп айтты. Операция жасауға тура келеді деп айтты. Сонымен дүниеге келе қойды ғой. 
Сәуірдің соңына қарай босану керек еді. Бірақ салмағы үлкен болды. Дәрігерлер де қуанды. Денсаулығында ешқандай ақау жоқ. Дер кезінде ота жасалып алынғаннан кейін баланың денсаулығы мықты, Аллаға шүкір", - деп қуанышын жеткізді Төреғалидің анасы. 
01 сәуір 2019 ж. 2 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031