» » ЖЕР АСТЫНДАҒЫ БІР КҮН

ЖЕР АСТЫНДАҒЫ БІР КҮН

   1913 жыл. Бұл ‒ Жезқазған кенішінде ең алғашқы ауқымды тау-кен жұмысы басталған уақыт. Сол жылы алғаш рет мыс рудасы ағылшын азаматы Лесли Уркарт басшылық еткен «Спасск» АҚ-ның Сарысу кен байыту фабрикасында өңделіп, дайын өнімге айналды.
Кәсіпорын 1920 жылдары Қазан төңкерісінен соң мемлекет меншігіне өтті. Одан кейін ғалым Қ.Сәтпаевтың Жезқазған кенішін зерттеу мен барлаудың маңызы туралы «Қарсақпай ауданы және оның келешегі» атты еңбегі  жарияланды. Ғалым жетекшілік еткен геологтар ұжымы 1931 жылдың соңында Жезқазғанда аса ірі мыс қоры барын нақтылады. 1928 жылы Жезқазған кенішінен алынған ең алғашқы қара мыс балқытылды. Осылайша қазақ даласындағы кен қазу жұмысы ерекше қарқын алып, әлемдік биржаға шыға бастады.
Осы орайда әлемдегі ең қауіпті 8 мамандықтың қатарына енетін шахтерлердің еңбегі ерекше. Олар жер астындағы пайдалы қазбаларды өндіріп қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Біз мереке қарсаңында шахтершінің бір күндік жұмысымен танысу үшін Жезқазған өңіріндегі «Kazakhmys Maintenance Services» кен-шахталық жабдықтарды жөндеу және сервистік қызмет көрсету департаментінде жұмыс

істейтін Мейрамбек Орналыұлымен тілдестік.
‒ Шахтада 10 жылдан бері еңбек етіп келемін. Сәтбаев қаласына қоныс аударғалы жер асты жұмысымен етене таныспын, ал өзім Арал ауданында дүниеге келгенмін. Таңертең сағат 06.40-та шахтаға қарай автобус жол тартады. Сол үшін 07.00- ге дейін  шахта алдында жиналып үлгеру қажет. Ал тура 08.00-де фонарик пен түскі асымызды алып шахтаға түсеміз. Жер астындағы 220 метр горизонтқа күніне арнайы көтерме (клеть) арқылы 30 адам ғана түседі. Солай  шахтаға таңертеңгі сағат 08. 00-де кіргеннен 14.30-да бір-ақ шығамыз. Шахтаға ең алғаш келген уақытта құлағым бітеліп қалған сәттер болып тұратын, себебі жер астының қысымы айтарлықтай  жоғары.
Қазір жаңадан шыққан техника түрі көп, бұрын бәрі қол еңбегі арқылы атқарылатын болса, қазір шахта жұмысы автоматты түрде басқарылады. Оған қоса жер жұмыстары үшін Atlastcopco компаниясының құрал-жабдықтары пайдаланылады. Жер астында ең алдымен бұрғылау, кен қазу жұмыстары жүргізіледі, одан соң тесілген жерлерді дәрімен оқтап, ата бастайды. Құлаған рудаларды арнайы техникалар арқылы  тасып, жүк тасығыш машинасына тиейді. Содан соң кен скип арқылы жоғары шығарылады, ‒ дейді шахтер. 
Гүлдана ЖҰМАДИН
22 тамыз 2019 ж. 1 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930