» » Жүргізуші медициналық анализдер тапсыра ма?

Жүргізуші медициналық анализдер тапсыра ма?


   Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады.
   «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енген.«Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес», - делінген корпорация таратқан хабарламада.
    Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар-жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.
Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:
Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;
Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.
23 тамыз 2019 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930