» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
Әр сөзіңізге абай болып, айналадағылармен барынша әдепті қарым-қатынас орнатыңыз. Аптаның барлық күні сауда-саттық жасауға сәтті. Қаржылық операцияны жүзеге асыру қажет болса, жұманың еншісіне қалдырыңыз. Ал, сенбіні жақындарыңыз бен сүйікті жанға арнаңыз

Торпақ
Жұмыс барысында барынша белсенді болыңыз. Сейсенбі мен сәрсенбіде ақырын жүріп, аңдап басыңыз, қастық қылғысы келгендер қақпан құруы мүмкін. Достармен кездесуді жұма күніне белгілеген дұрыс. Ал, демалыс күнді, әсіресе, жексенбіні оңаша өткізгеніңіз өзіңізге жақсы.

Егіздер
Жұлдыздар сізге апта бойы қаржылық мәселеде ерекше сақ болуға кеңес береді. Маңызды шаруаңыз болса, ол жайында ешкімді құлақтандырмай, үнсіз тындырыңыз. Бейсенбі мен жұмада қызметтік міндетіңізді мүлтіксіз атқаруға тырысыңыз. Бұл күндері мансап баспалдағымен өрлеуге ықпалы тиетін жұмыс күтіп тұр.

Шаян
Сіз барлығын басқарып үйреніп қалғансыз. Бірнәрсені уысыңызда ұстамасаңыз, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Кейде басыңызға бақ қонып, ісіңіз біреудің арқасында жақсы жүріп жатқандай көрінеді. Қалай болғанда да, барлығының сәтті өтіп жатқаны үшін алғыс айтуды ұмытпаңыз.

Арыстан
Бай болудың қыр сырын білетін жандар. Асықпайды бірақ бәріне үлгереді. Отбасында, жұмысында, сүйгенін де бәрін-бәрін жақсы көреді. Арыстандар үшін ең қолайлы күн ‒  жұма. Ақшаны орнымен жұмсай біліңіз.
Бикеш
Айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңыз өте тамаша . Келіссөздер жүргізуге өте қолайлы күн. Барлық адам сізге қызығады. Неге "менің де жолымен бола бермейді" деп қызығатын жандар көп.
 Таразы
Таразылар бақытты. Сүйгенімен бірге. Барлық шаруаларыңызды жинап қойып сүйіктіңізге көңіл бөліңіз. Ол сізден қолдау күтеді.
Сарышаян
Өзіне жасалған жақсылықты, сыйлықты, сондай-ақ біреудің тарапынан болған реніш пен сатқандықты ешқашан ұмытпайды. Кек алуды жоспарлап жүріп, орындамай қалуы жиі болады. Мақсат еткен нәрсесінің бәрі де қолынан келеді.
Мерген
Ескі дос-таныстармен ұшырасып, хабарласу жиі орын алады. Сәрсенбі мен жұма күндерінің аралығы үй шаруашылығын қолға алу мен сауда-саттық жасауға қолайлы. Ал, сенбіні сәтті өткізгіңіз келсе, интеллектті арттырып, жаңа білім алуға, шығармашылығыңызды шыңдауға, туыстармен әңгіме-дүкен құруға талпыныңыз.

Тауешкі
 Осы аптада іскерлік белсенділік арта түседі. Апта туған-туыстармен тығыз қарым-қатынас жасауға да қолайлы. Тек қалтаңыздағы қаражатқа мұқият болған жөн.

Суқұйғыш
Жаңа бастамаларды қолға алып, тұрмыстық мәселені шешуге қолайлы апта. Бұл күндері сапарға шығу керек болса, жолда барынша сақтық танытыңыз. Сауда-саттық жасау мен мансап баспалдағымен жоғары өрлеу үшін ең сәтті күндер ‒ бейсенбі-жұма.

Балықтар
Қаржылық мәселені шешуде асығыстыққа бой алдырмаңыз. Бейсенбі мен жұма — жаңа бастама мен маңызды адамдармен кездесу ұйымдастыруға арналған күндер. Ал, сауда орнын аралап, зат сатып алуды сенбінің еншісіне қалдырған дұрыс.
01 қыркүйек 2019 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031