» » Жұлдыз – жорамал: Мансап пен қаржы

Жұлдыз – жорамал: Мансап пен қаржы

  Тоқты
Апта жағымды жаңалыққа толы болмақ. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділіктің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Торпақ
 Сізді тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражат жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз сіздің пайдаңызға шешіледі.
Егіз
 Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын сәт туды. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз, нағыз сөз байласатын уақыт. Апта қандай істі болмасын бастауға өте қолайлы сәт. Көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.
Шаян
 Сіз үшін сауда жасауға да қолайлы болмақ. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл аптада көбісі сізге қызыға қарайды. Әсіресе ер адамдар нәзікжандарға жақсы көзқараста болады.
Арыстан
 Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікіріңізді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен ара-қатынас сәл «суып», түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытты жоғалтып аласыз.
Бикеш
 Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ жоспарларыңызды құпия ұстап, ешкімге тіс жармаңыз. Тіпті досыңызға да сыр алдырмаңыз.
Таразы
   Көлік алуға сәтті уақыт. Сонымен қатар жағымды жаңалық естіп, белсенділік танытасыз. Көтеріңкі көңіл-күй мен шабытыңыздың арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Сарышаян
   Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселенің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы, шешімді дұрыс шығара біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.
Мерген
     Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек.
Тауешкі
   Бастаған ісіңіз алға жылжиды. Бұл қарсыластардың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» демекші, аңдамай сөйлеп, олардың көңілін түсіріп алмаңыз.
Суқұйғыш
    Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестердің арқасында қызметте жоғарылауыңыз да ғажап емес.
Балық
    Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестердің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
14 сәуір 2019 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930