» » «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» мемлекет үшін маңызды қадамдар

«Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» мемлекет үшін маңызды қадамдар


   Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы Президенттің сайлау алды бағдарламасындағы «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» үш бағытта барлық мәселе айтылды. Әлеуметтік бағдарламаларды жалғастыру. Бұған дейін елімізде атқарылған бағдарламалардың мүлтіксіз атқарылуы және қалыққа қолжетімді қызмет ұсыну. Әділдік бағытында ең бастысы медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру. Әлеуметтік жағдайына қарамастан баршаға бірдей медициналық қызмет көрсету. Білім беру мәселесі, ауылдық жердегі мұғалімдердің жетіспеуі, білім сапасының төмендеуі сөз болды. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына қосымща қаржы бөліп, мамандарды ауылға тұрақтандыру. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың шет елде білім алуына барлық жағдай жасалуы қажеттігін айтты.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық әлеуметтік қызмет енгізіледі. Кепілді тегін медициналық көмек сақталады. Тамыз кеңесінде айтылған мұғалімдерді әлеумметтік қолдау мәселесі де орынды көтерілді.
Сонымен қатар Президент шағын және орта кәсіпті дамытуға көңіл бөлді. Салықтан босату кәсіпкерлердің дамуына үлкен септігін тигізеді. Өрлеу бағыты бойынша ауылға айрықша көңіл бөлінетін болды. Таза су, жолдар салу мәселесі де орынды айтылды. «Бақытты отбасы» бағдарламасының тиімділігін арттырып, халыққа қолайлы ету үшін Үкіметке тапсырма берді. "Партия құру процесін жалғастыру. "Нұр Отан" партиясы елдің жетекші саяси күші, ол күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде орындайды. Біз басқа саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтасуымыз керек. Қоғамды толғандыратын негізгі проблемалар сынға алынып, олардың шешімі көшеде емес, парламентте, азаматтық диалог аясында талқыланып, табылуы тиіс. Депутаттар өз құқықтарын пайдалануы керек, оның ішінде үкіметке өтініштерін жолдау арқылы жүзеге асыруы керек. Сонымен бірге заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қатынастар өзара құрметке негізделуі керек", - деп нақты тапсырмалар берді. 
Көппартиялы болуды да орынды айтты. Бәсекелестік орта қалыптасады. Бұл біздің партиямыздың жұмысын арттырып, өзімізге сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Біздің партия қоғаммен келісе отырып кез келген мәселені шешуге өз үлесін қосады. Партиялық талқылау, бақылау арта түспек. Президент халықтың көкейіндегі түйіткілді дөп басты.

Ақмарал Әлназарова,
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
02 қыркүйек 2019 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031