
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғам өміріндегі көптеген мәселені дөп басып, көңілге қонды. Мемлекет басшысы мазмұнды мәлімдемесінде халықтың денсаулығы, балалардың білім алуы, қорғалуы, баспана мәселесін де орынды қозғады. Мемлекетің болғаны мен тұрақты баспанаң болмаса әлеуметтік проблемалар шешілмесі анық. Сонымен қатар Президент көтерген педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл түрде күшейту тапсырмасы орынды болды. Әйелді де баланы да, әрбір азаматты қорғай білуіміз қажет. Біздің "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қоры 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған қор жанынан құрылған "Қамқор" кризистік орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендерге қолдау танытуда. Президент тапсырмасынан соң қоғамда зорлық-зомбылық азаярына сенім мол.
Жандос Түсмағанбетов,
"Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қорының директоры