» » Үкімет Тоқаевтың сынына ұшырады

Үкімет Тоқаевтың сынына ұшырады

    Сенат төрағасының айтуынша, бірқатар заң ішкі қарама-қайшылыққа толы.
 ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жұмысын сынға алып, заң шығару процесіндегі кемшіліктерді атап көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
Сенат төрағасы заң жобалау жұмысын жоспарлау деңгейінің төмендігі заң шығару жұмысындағы жүйесіздікке, қордаланып қалған мәселелердің тым кеш шешілуі мен кодификацияланған актілердің ретсіз түзетілуіне әкеп соғатынын айтты. Сондықтан заң нормалары құқықтық ахуал жасаудың орнына, тез өзгеріп отыратын құбылмалы жағдайлардың салдары болып табылады. 
"Парламент қабылдаған заңнамалық актілерге күшіне енген кезден бастап бір жыл ішінде басқа заңдар негізінде жүзге жуық өзгерту енгізілетін жағдайлар да кездеседі. Көп жағдайда біздің заңдарымыз экономика мен қоғам өміріндегі шұғыл проблемаларды шешуге бағытталады. Соның салдарынан бұл заңдардың мазмұнында ағымдағы жағдайға деген тұжырымдамалық көзқарас пен мемлекеттің дамуына оң ықпал ететін үрдістердің тапшы екені бірден байқалады. Бірқатар заңнан ішкі қарама-қайшылықпен қатар теңгерімділіктің жоқтығын көруге болады. Заң бір ұғымның өзін алуан түрлі мағынада түсіндіруі мүмкін. Бұл жағдай қоғамның парламент пен үкіметтің қызметіне деген сыни көзқарасын туғызары анық", — деді Тоқаев сенатта заң шығару процесін жетілдіру мәселелері туралы үкімет сағатында.   
Оның айтуынша, заң жобаларының жылдың соңғы айларында немесе сессия аяқталатын кезде ұсынылуы да заң шығару процесінің жеткілікті түрде ұйымдастырылмауы мен жоспарланбауының салдары. 
"Мұндай тәжірибе заң жобаларымен жүргізілетін жұмыстың сапасына әсер етпей қоймайды", — дейді Тоқаев. 
Заң шығару жүйесінің негізіне қатысты теңгерімді ұстанымның болмауы – ерекше талқылау мен қарастыруды қажет ететін бөлек тақырып. 
"Мәселен, кейбір бағыттар бойынша біз қатаңдату ұстанымдарын басшылыққа алсақ, басқа салаларда босаңдық пен еркіндікке жол береміз. Осылайша, тұтастай Қазақстанның заңдары өзара ішкі қисыннан ажырап, сәйкесінше оның құқықтық бағдары заңға бағыну, заңды құрметтеу, құқық бұзушылықтарды азайту сияқты басты мүдделерден алшақтай түседі. Оның үстіне, зорлық-зомбылыққа қарсы, есірткі құралдарының айналымы мен мал ұрлығы, адам өліміне әкеп соғатын жол қозғалысы ережелерін сақтамау саласындағы құқық бұзушылықтардың көбеюі оларға салынатын жазаны қатаңдатуды талап етеді. Осындай сипаттағы қылмыстар қоғам ішінде өткір пікірталастар тудыруда, сондықтан да жеңіл жаза қолдану немесе, тіптен, өзара келісім жолымен (медиация) қылмыстық жауапкершіліктен құтылу жағдайларына азаматтар тарапынан келіспеушілік білдіру – заңды құбылыс. Үкіметтің осы мәселеге айрықша мән беріп, баса назар аударуын сұраймыз", — деп түйді сөзін
Дереккөз:https://sputniknews.kz/
21 қыркүйек 2018 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031