SANALY QYZMET – SAPALY NÁTIJE

Қызметінің 90 пайызы халыққа қызмет етуден тұратын корпорация қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсетудің біріңғай провайдері болып отыр. Сондықтан қызмет алушылардың ризашылығы басты назарда.
S – Сенім. Біз ‒ әрдайым сіздермен біргеміз, жылдар бойы сапалы қызмет көрсетудеміз. Біз ‒ ұйымшыл командамыз, ойларымыз алуан түрлі болғанымен, бәріміздің көздегеніміз бір нысана. Біз көмекке мұқтаж әрбір жанға қол ұшымызды созуға ұмтыламыз.
A – Абырой. Халқымызға адал, жауапкершілікпен және әділ қызмет ету ‒ біз үшін абырой. Біз шындықты айтамыз. Сөзімізде тұрамыз және өз ісіміз үшін жауап береміз.
N – Нәтиже. Біздің клиенттер сапалы нәтижеге қол жеткізеді. Біз қызметкерлерді нәтижеге қол жеткізгендерді және дамуға атсалысқандары үшін көтермелейміз. Біз үздіксіз жетілудеміз.
A ‒ Ашықтық. Біз азаматтар мен бизнестің цифрландыруға қатысуын арттырамыз. Біз бәріне ашықпыз, проблемаларды жасырмай, үнсіз қалдырмай шешеміз. Біз цифрлық технологиялар арқылы инновация мен көшбасшылықты дамытамыз.
Бұлар біздің корпоративтік мәдениетіміздің басты 4 құндылықтары болып саналады.