40 жасқа толған Сәдуақасованы күйеуі қалай құттықтады? (фото)

Мадина Сәдуақасова тығыз гастрольдік бағдарламасына байланысты туған күнін концерттен қайтар жолда қарсы алуға мәжбүр болған.
Алайда, ән кештерінен шаршап үйіне оралған шоу-бизнес жұлдызын күйеуі әуежайда ерекше тосын сыймен күтіп алды.
Олжас Смағұлов сүйікті жарына әдемі гүл шоғы мен дәмді тортты тарту еткен.
Қызығы, тортта 40 жастың орнынан 18 деп жазып қойған. Эстрада жұлдызы сүйіктісінің құттықтауы кезіндегі суреттермен Instagram желісінде бөліскен.
Желі оқырмандары ер адамның жылы лебізіне тәнті болып, Сәдуақасоваға өз құттықтауларын жаудырды.