Лейтенант

Мүсілім Алматы облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келсе де, қазір аймақтағы 2019 әскери бөлімінде қызмет етеді. Бала күнінен әскери қызметкер болуды армандаған лейтенант үйдің жалғыз перзенті болған соң, алғашында ата-анасы бұл салаға табан тірегенін қаламапты. Алайда ел шекарасын қорғауға бекінген Мүсілім 2015 жылы орта мектепті бітірісімен Шекара академиясына оқуға тапсырады. Оқу орнындағы қатаң тәртіп пен бұлжымас қағида Мүсілімнің ел абыройын биіктетін азамат болмысын қалыптастырды. Бүгінде темірдей тәртіпке бой үйреткен ол 20 жылдық тарихы бар бөлімде адал қызмет атқаруда. Сонымен қатар бала күнінен футбол ойнағанды жақсы көретін Мүсілім саламатты өмір салтын берік ұстанған жастың бірі.
Г. Пірімжанова