» » Таразда питбуль тұқымды ит әйелді талап өлтірді

Таразда питбуль тұқымды ит әйелді талап өлтірді

   Қайғылы жағдай кеше кешкі беске таман болған. Оқиға Сухамбаева көшесінің бойындағы жер үйлердің арасында орын алған.  Әйелдің айқайын естіген көршілер көмекке бірден келген. Сөйтсе, қоршаудағы үлкен ит әйелді тап беріп, талаған екен. Көршінің бірі итті сүйменмен ұрып жіберсе де, әйелдің жанынан кетпеген. Сол кезде жедел жәрдем дәрігерлері келіп, зардап шегушіге көмектесу үшін жарты сағаттай күткен. Ол кезде әйел әлі тірі болған. Артынша келген полицейлер итті тыныштандыра алмаған соң, оны атып тастаған. Онда да бір емес, алты рет атқан. Сол кезде әр атқан сайын ит үйге кіріп, қайта әйелді талаған екен. Сөйтіп, келіншек көп жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер әйелді ота залына апарғанымен, оны құтқара алмады. Зардап шегуші 2 литр қан жоғалтып, қайтыс болды.  Марқұм жалғызбасты туған әпкесінің үйінде қонақта болған екен. Иесі сіңлісіне араша түспек болғанымен, онысынан түк шықпапты. Әйелді талап тастаған питбуль үш жасар болған екен.
13 қыркүйек 2019 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031