» » "Күйеуімнен қорықтым": Жанар Хамитова неге балаларын тастап кеткенін түсіндірді

"Күйеуімнен қорықтым": Жанар Хамитова неге балаларын тастап кеткенін түсіндірді

   Жанар Хамитова неге балаларын тастап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір "Арнау" дуэтінің бұрынғы солисі Жанар Хамитова Алматыда тұрады. Ал әншінің перзенттері Түркияда әкесімен бірге өмір сүруде. Өнер иесі ұлдарын қайтармақшы болып, қорғаушы жалдаған. Алайда ол күйеуінен әлі күнге дейін қорқатынын жеткізді. Балаларымды бірден алып кетпегенімнің де себебі осы дейді ол. 
"Мен қазақстандықтардың барлығы күйеуімді неге түрік деп ойлайтынын білмеймін! Біз жай ғана сол жерде тұрдық. Алла қаласа, жақын арада балаларым қайта оралады. Мен оларды өз еркіммен тастап кетпедім. Отбасы - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қазір қорғаушы жалдадым, енді балаларымды қайтарып аламын. Оған қоса, мен күйеуімнен қорқатын едім", - дейді Жанар Хамитова. 
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы Жанар Хамитованың жұбайы оны үйден қуып шыққан. Келіншек қолындағы бір пакетімен кетіп қалуға мәжбүр болған.
Әншінің айтуынша шетелде өмір сүріп, еңбек ету қиынға соғыпты. Ол бала күтушісі, үй қызметшісі болып жұмыс істеп жүріп, елге қайтуға ақша жинаған. Қазіргі таңда Жанар Хаитова елге оралып, шығармашылығын қолға алды. 
13 қыркүйек 2019 ж. 1 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031