» » Ақтөбе облысында көлік бір топ адамды қағып кетті (Видео)

Ақтөбе облысында көлік бір топ адамды қағып кетті (Видео)

  Хромтауда ВАЗ көлігінің жүргізушісі бір топ адамды қағып кетті. Олардың ішінде сегізі жасөспірім және біреуі мектепке даярлайтын сыныптың оқушысы. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды. 

14 қыркүйекте шамамен таңғы сағат 09.55-те Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында ВАЗ 21140 кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қағып кетті. Көлікті 20 жастағы жігіт жүргізген. 
"Жүргізуші Хромтауда орналасқан техникалық тау колледжінде оқитын кәмелеттік жасқа толмаған бір топ адамды қағып кетті. Олар жолдың шетімен келе жатқан", — деп хабарлады Ақтөбе облысындағы полиция департаментінде. 
Колледждің сегзі студенті және мектепке дайындайтын сыныптың оқушысы ауруханаға жатқызылды. Жарақаттанағандардың бір бөлігі алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін үйге қайтты. Үш адам қазіргі уақытта ауруханада жатыр. 
"2001, 2002 және 2013 жылғы балалар ауруханаға жатқызылды. Таңға қарай олардың жағдайы жақсарды. Буындарына зақым келген және аса қатты күрделі емес жарақаттары бар", — деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасында. 
Полицияның баспасөз қызметі 20 жастағы жігіттің көлікті жүргізуге құқығы жоқ екенін мәлімдеді. Ол ӘҚБтК-нің 611 бабы (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) 3 бөлігі бойынша және 610 баб (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) 3 бөлігі бойынша жазаға тартылады. 
15 қыркүйек 2019 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031