» » Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты

Шамалғандағы қайғылы оқиға: зардап шеккендер туралы тың дерек шықты

   Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан екі бала зардап шеккен.
Шамалған станциясындағы апат салдарынан бір әйел мен екі бала зардап шеккен, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігі өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Әйел мен екі бала зардап шекті", - делінген әкімдік хабарламасында. Бас прокуратура мәліметінше, зардап шеккендердің саны – төртеу.
Соңғы деректерге сүйенсек, қайғылы оқиға салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Шамалған станциясы ауданында 15 қыркүйек күні кеші сағат 19.20 кезінде "Екатеринбург-Алматы" жолында апат болды.
Жолаушылар пойызы темір жол өткелінде тұрған автобусқа соғылған. Автобус жүргізушісі сигналға қарамастан, темір жол өткеліне шығып кетіпті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, автобуста 67 адам болды. Тергеу жұмыстары басталған.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде жедел штаб құрылды. Жедел телефон желілері: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ Алматы төтенше жағдайлар департаментінде жедел телефон желісі ұйымдастырылған: (8727) 2782083, 2782084.
16 қыркүйек 2019 ж. 646 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031