МАСЫЛДЫҚ ЕМЕЙ НЕМЕНЕ?
Бүгінгі таңда банк пен "Халыққа қызмет көрсету" орталығына бара қалсаңыз, ұзын-сонар кезекті көресіз. Қызығы, бұрын-соңды мұндай адам банк есігін күзетпеген...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог ‒ Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тұрмысы төмен, мүгедек, көп балалы, асыраушысы жоқ яки белгілі бір санаттагы азаматтадың несиесін кешіру туралы тапсырма берді. Құп делік... Халықтың тұрмыс тіршілігін түзету үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Бұған қуанбасақ, қайғырмайтынымыз белгілі. Дегенмен де бүгінгі таңда "сенің несиенді кешіріпті, менікі шегерілмепті" деген бәсекелестік, көре алмаушылық жайттар жиі орын алып кетті. Бір танысым "банкке азанда барып, кешке ғана кіруге мүмкіндігім болды. Білгенім кешірмейді екен" деп қапаланады. Енді қай санатта жүретінін сұрасам ешқайсысына да жұмыс істемейді. "Өзім де күйеуім де жұмыс істемейді. Екі балам бар. Қалай күн көремін?" деп кынжылады. Бізде қазір "барлығын үкімет істеп беру керек" деген түсінік қалыптасқан. Менің білуімше, өзің қалыптастырып күн көру үшін жас отбасы күн-түн демей, жұмыс істеу керек. Кейін толық отбасы болған кезде балаларында да сондай түсінік қалыптастырады. Ата-анаға масыл болмайды. Әйтпесе бүгінде "жылы креслодан" дәмелілер көп. Таң қалатыным, отбасылық табыс көзі 180 мың болса, бір айда төленетін несие 190 мыңды қамтиды. Сосын банктың қара тізімінде жүреді. Қара тізім дегеннен шығады, бұрын банк қызметкерлері несиесін төлей алмаған борышкерлеріне іздеу салып дос-жарандардың бәріне хабарласушы еді. Қазір түк қиналмайды. Себебі қашып жүргендер өзі келеді.
Несие аларда табысын асырып айтатындар, төлей алмай жасырып айтатын күнге жетті. Бұл масылдық емей немене?
М. Кенжеғұлова