МАСА

   Жуырда ғана ауылға барып қайттық. Биыл Қазақстанның қай бұрышын да аптап буып тұр ғой, ауыл да ыстық екен. Тағы бір байқағанымыз ‒ масаның көптігі болды. Ауылдастарым бұған үйреніп кеткен "Әкең, биыл шота маса көбейді-ей" деп жасқап қойып тұра береді. Туған жердің масасын тосырқап калған екенбіз, өз-өзімізді сабалап, көкала қойдай болып қайттық ауылдан.
      Кеше 31-арнаның жаңалығын көріп отырып масаның шынымен мәселеге айналғанына көз жеткіздік. "Тұтас бір ауыл масаның көптігінен көшеге шыға алмай қалды" дейді телетілші. Осыны көріп отырып, бір оқиға ойға оралды. Биыл қыста бәріміз жарнамаға сеніп, жарғанаттың ұясын іздеп кеткен жоқпыз ба?! Табанынан таусылып тау-тас кезгендер құрқылтайдың ұясы табылса қазынаға балап, қуанып жатты. Түк таппағанымыз үңгір мен тастың қуысындағы бейшара жарғанатты ұйқысынан ояттық. Ол жазған бір оянып кетсе қайтып көз іле алмай қырылып қалатынын ешқайсымыз ойлаған да жоқпыз. Осылайша мыңдаған (мүмкін миллиондаған) жазықсыз жәндікті қолдан қырдық. Енді мынаған қараңыз, жарғанат 1 сағатта орта есеппен 300-дей маса жейді екен. Ызыңдаған пәлекеттің неге қаптап кеткенін осыдан-ақ біле беріңіз. Айтпақшы, "жарғанаттың ұясын бәлен мың долларға алам" дегендердікі таза алаяқтық. Ол бейшарада ұя болған емес, болмайды да...
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
(Instagram парақшасынан алынды)
20 қыркүйек 2019 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031