» » Атышулы Байзақова өзін ұнатпаған келіншектің күйеуімен кездескен

Атышулы Байзақова өзін ұнатпаған келіншектің күйеуімен кездескен

  YouTube арнасындағы "Сәлем шоу" бағдарламасына қонаққа келген атышулы Айжан Байзақова бағдарлама барысында оны ұнатпайтын келіншектің күйеуімен кездесті. Ер адам танымал ару үшін Қарағанды қаласынан Алматыға арнайы келіпті.
Бағдарлама жүргізушілері аруға әлеуметтік желіде пайда болған жазбаны көрсетті. Онда 26 жастағы 2 баланың анасы күйеуіне шамданған. Оның сөзінше, оның күйеуі Айжанның суреттерін көріп, оны көру үшін Алматыға арнайы барғысы келіп жүргенін жазыпты.

Одан бөлек, Жанар Айжанова аруға тосын сый жасап, сол жазбаның авторының күйеуін бағдарламаға шақырды.

Ер адамды көрген Айжан о баста сасып қалғанымен, жағдайды тек әзіл деп қабылдай бастады.

"Мен саған Қарағандыдан келдім. Екі балам бар. Мен тұрмақ екі балам да сізді жақсы көреді. Айтсам сенбесіз. Отбасымызбен жақсы көреміз. Әйелімнен басқа. Мен қатты қобалжып тұрмын. Бірақ мен мұндай жай ғана келген жоқпын. Сенімен селфи жасайын едім. Менің әйелім сенбейді саған келдім десем", - деді ер адам.
22 қыркүйек 2019 ж. 1 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031