» » Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері

Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері

    Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2019-жылғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» конкурсының 1-туры өткізілді.
Конкурс жыл сайын өткізіледі және оның мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, жұмыста ынталандыру болып табылады. Конкурсқа өз бөлімшелерінде үздік болып саналатын 5 қызметкер қатысты. Барлық қызметкерлердің мемлекеттік өрт бақылау саласындағы еңбек өтілі 3 жылдан жоғары. 1-кезеңде мамандардың қызметін реттейтін негізгі нормативті-құқықтық актілер бойынша тестілеу өткізілді. 2-кезеңде практикалық бөлімде объектінің өртке қарсы жағдайына шартты тексеріс жүргізілді. Аталған кезеңде қызметкерлер «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не қарасты объектіні тексерді. Қатысушылар өрт-техникалық тексеруді аяқтап, тексеріс нәтижелері туралы актілерді, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырды.
Комиссия төрағасы Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Р. Қайрақбаев және комиссия мүшелері конкурстың 2 кезеңінде толтырылған материалдарды тексеріп, Департамент қызметкерлерінің жоғары дәрежедегі шеберлігін атап өтті. Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сапарғалиев Аспандияр Нұрланұлы конкурстың барлық кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсетіп, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылғы үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері атанды.
Аспандияр 26 жаста. Ол 2017-жылы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын бітірді. Өзінің тікелей міндеттерін жетік меңгерген қызметкер ретінде көрсетіп келеді. Жұмыс атқарып жүрген мерзім ішінде өзін жан–жақтылығын және тиянақтылығын көрсетті, жұмыс барысында қолданатын нормативті–құқықтық актілермен, азаматтық қорғау саласындағы қызметтік регламенттік құжаттарды күнделікті жұмыста сауатты пайдалана алады.
Облыстық байқаудың жеңімпазы Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінде өтетін конкурстың екінші кезеңіне қатысады.
Қызылорда облысы ТЖД
24 қыркүйек 2019 ж. 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031