» » Қоғамдық бақылау

Қоғамдық бақылау

   Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында 2019 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 16.00де «Қоғамдық кеңестің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шарамызға облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Ж.Абдусаметов, Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбары Б.Бердаулетов және тұрғындар қатысты. Дөңгелек үстелімізде қаралған мәселелер 1.Азаматтардың денсаулығына байланысты мұгедектігін рәсімдейтін дәрігерлік-консультациялық комиссияның жұмысы туралы. Қызылорда облысы бойынша халыққа медициналық қызмет көрсетудің бүгінгі жайы және ауруханада емделушілер мен емханада есепте тұратын науқастардың тегін дәрә-дәрмекпен қамтамасыз етілуі туралы, 2. Облыс мектептердің жаңа оқу жылына даярлығы. Мектептердің құрлысы мен мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстарының барысы және халықа тығыз орналасқан мөлтек аудандағы жаңа мектептер салу қажеттілігі туралы сөз қозғалды. 2019 жылдың 21 қыркүйек күні сағат 16:00-де № 18,11,14,1,6,5,4 бағыттағы қоғамдық көліктердің ақырғы аялдамаларында қоғамдық бақылау өткізілді. Қоғамдық бақылауда қаралған мәселе: № 18,11,14,1,6,5,4 бағыттағы қоғамдық көліктердің белгілі аялдамаларға тоқтамай кетуі, оқушыларды алмай кетуі, бақылау барысында көлік тазалығы, отырғыштардың тазалығы, билеттің дұрыс таратылмауы секілді мәселелер бақылауда қаралды. Қоғамдық бақылауға қалалық қоғамдық мүшелері Раушан Сарымсакова, Эрик Тенізбаев, ҰЕҮ-нан Ахылбаев Бархан, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөлімі жетекші маманы Мейірхан Бақытжанұлы, қалалық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Әсел Жұмабек жане қала тұрғындары қатысты. Қоғамдық көліктердегі жүргізуші мен кондуктордың міндеттерін тоқталып айттып өтті жане оқу жылы басталуда соған байланысты оқушыларды алып кетуіне, аялдамаға тақтауға нақтыланып айтып өтті. Шара барысында кемшіліктердің анықталуы сейрек кездесті.
24 қыркүйек 2019 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031