» » Құқықтық сана және мәдениет

Құқықтық сана және мәдениет


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және құқық бұзушылыққа «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған «Азаматтық қоғам» әлеуметтік қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті, Көп бейінді облыстық ауруханасы мен қалалық ауруханада «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында сұхбат алаңдары өткізілді.
Аталмыш шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен пәрменді күресу бойынша талқылаулар ұйымдастырылып, пікір алмасу өтті. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақыттарда облыс орталығында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарында өткізілу жоспарлануда.
21 маусым 2019 ж. 1 239 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031