» » "Әртістер ақша бар жерде жүреді": Аңдамай сөйлеген Мадина Сәдуақасова дауға қалды

"Әртістер ақша бар жерде жүреді": Аңдамай сөйлеген Мадина Сәдуақасова дауға қалды

   Мадина Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшіліктің ашуына тиді. Шоу-бизнес жұлдызының желіде тарап кеткен видеосы қалың жұртшылықпен қоса, өнердегі әпкелерінің де наразылығын тудырған деп жазады Youtube желісіндегі Shownewskz бағдарламасы.
Сәдуақасова әртістердің тек ақша бар жерде ғана жүретінін айтып, елді шулатқан. Әншінің бұл сөздері жұртқа жақпай қалып, ол үлкен сынға ұшырады.
Аңдамай сөйлеген өнер иесін шоу-бизнестің өзге өкілдері де сынап тастаған.
"Ақшасыз жерге де барамыз. Тек қана ақша бар жерге бармайсың ғой. Елдің бәрін де ақша жоқ қой. Ақша жоқтарға тіпті тегін концерт беріп кетеміз" , - деп ағынан жарылды Мақпал Жүнісова.
"Мадинаның айтқаны енді, әркімнің өзінің пікірі бар. Қанша ақша табам десе де, Алла берекесін бермесе ешкім байып кетпейді" , - деді Роза Әлқожа.
07 қазан 2019 ж. 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031