Мерекеңмен, сүйікті Қызылордам!
Алтын күздің аясында өтетін қала күні биыл да жалғасын тапты. Мерекелік шара барысында тұрғын үйлердің кілті табыс етіліп, түрлі мәдени шаралар өріс алды. Биыл аталған мереке өз деңгейінде тойланып, тұрғындарды ерекше әсерге бөлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аймағымызда қала күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді. Сол жағалауда орналасқан 220 пәтер мен 320 орынға арналған «Ханшайым ана» балабақшасының ашылу салатанатына облыс әкімі қатысты. Аймақ басшысы жаңа нысандардың кілтін табыстап, тұрғындарды құттықтады.
Жаңа пәтердің кілті тыл және ауған соғысының ардагері, ата анасының қамқорлығынан айырылған жастар және 2- топ мүгедектеріне табысталды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда Сырдарияның сол жағалауында 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Қала орталығында орналасқан Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған ашық сабаққа арнайы келген шаһар басшысы осындай экологиялық шаралардың маңыздылығы туралы сөз қозғайды. Облыс әкімі жас ұрпақты табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға, жер планетасының, фаунасының, мекендеу ортасын сақтауға, табиғатқа жанашырлық танытуға шақырып, оқушылармен еркін сұхбат жасады. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында: "Қазақ халқының жақсы өмір сүруі үшін экологияны жақсартып, жаңартылған энергия көздерін пайдалануды кеңейту, қоршаған ортаны сақтау ісін дәріптеу жұмыстарын жандандыру керек",– деген сөзін тілге тиек етті. Ашық сабақтан кейін қала әкімі оқушылармен бірге мектеп ауласына шығып, ағаш отырғызу акциясына қатысты. Айта кету керек, бүгінгі акция аясында қаламыздағы 54 білім ошақтарынан барлығы 64 мыңға жуық оқушы қатысып, өздері оқитын мектеп ауласына ағаш отырғызды.