» » Саламатты өмір жастарға серік.

Саламатты өмір жастарға серік.

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық - ресурстық орталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар жылына орай мәдени – көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында кент және ауылдық округ жастары арасында бірнеше спорттық шаралар өткізді.
 Қалалық жастар орталығында «Үстел теннисі» және «Волейбол» сайыстары;
Орталық алаңда «Стрит воркаут» сайысы;
 «Қала әкімінің кубогы» аясында Сейхун спорт кешенінде «Футбол» сайысы және Облыстық жастар орталығында «Баскетбол» сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа Тасбөгет кенті, Қызылжарма, Қарауылтөбе, Досан ауылы, Қызылөзек ауылдық округтерінің жастары және қала жастары қатысты. Ойын өте тартысты, әрі қызықты өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен, арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
30 қыркүйек 2019 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031