Акция

   Республикалық "Пара берме" акциясы өтуде. Мақсаты - әрбір азаматты пара алу және пара беруден сақтандыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалия Әлімқұлова баяндады.
"Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен парақорлық фактілері бойынша 53 қылмыстық іс тіркелді. Оның 50 пайызы ауыр қылмыстар қатарына жатады. Пара беру фактілері бойынша 21 қылмыс анықталған, олардың 19-ы сотқа жолданды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің өңірде парақорлық деректері - халықты әлеумттік қорғау, білім беру, ішкі істер агенттіктері және аудан әкімдіктері мекемелерінде кездесіп отырған", - деді Ғалия Убайдуллақызы.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, пара алғаны үшін кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның сексен еселенген сомасына дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.
Пара беруші мен пара алушының арасындағы жазадағы айырмашылық соншалықты көп емес, сондықтан азаматтар заңды бұзбас бұрын білуі тиіс.
13 қазан 2019 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031