Қостанай облысында «Қазагрофинанс» басшысы парамен ұсталды
Қостанай облысы бойынша «Қазагрофинанс» басшысы және оған пара берген ЖШС директоры ұсталды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді.
“Қостанай облысы бойынша «Казагрофинанс» АҚ басшысы мен ЖШС директоры облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жедел-іздестіру шарасы кезінде қолға түсті. Бірі пара бергені үшін, бірі алғаны үшін ұсталды. «Казагрофинанс» АҚ басшысы облыстың агроөнеркәсіп өндірушілерінен жүйелі негізде пара алғандығы үшін айыпталуда”, – деді Нұрлан Жахин.
Оқиға маусым-тамыз айларында болды. Мәліметтерге сәйкес, күдікті 1 млн теңге көлемінде пара алды. Пара алу ісіне қатысты 5 факті тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүруде.