Жолдыбаева Қызылорда күнінде сынға қалды

Қызылордалықтарды қала күніне орай ұйымдастырылған концертте қуантпақ болған әнші жұрттың сынына қалды. Жолдыбаева сахнаға бір аяғы толықтай жалаңаш болған көк түсті көйлек киіп шыққан.
Оған қоса, видеодан өнер иесі өзінің атышулы "Карамель" әнін орындау барысында сексуалды би билегенін көруге болады.
Желі қолданушыларының басым бөлігі ауқымды әрі аса маңызды шараға ашық-шашық киінген шоу-бизнес жұлдызын сынап тастады.
"Серік пен Жеңіс түсінікті. Кəмшатты шақырып жүрген қайыссың? Сол ордалықтардың сұранысында емес. Əлде шефтердің интересі ма? Жолдыбаеваның жолы болып бек қуанышты қайтты ма екен? Əлде бек нұрлы? Шіли бек асқарланбайтыны белгілі ғой" деп жазды фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы Ұйтолған Жареке. Мұны астына "Бұл қыздың ата-анасы бар ма?", "Өте ерсі... Әндері де біртүрлі", "Сан көріп қайттық. Фигура зың. Рақмет ағаларға" деген іспетті пікірлер жазылды.