75 жаста тұңғыш баласын өмірге әкелді
Үндістан тұрғыны өзінің тұңғыш баласын 75 жасында дүниеге әкелді. Ол адамзат тарихындағы ең қарт ана атануы мүмкін.
«Рекорд иесінің» аты-жөні жария етілмейді, деп хабарлайды The Times of India басылымы.
Жасанды ұрықтандыру арқылы әйел жүкті болды. Жасына немесе денсаулығына байланысты ауыр проблемаларға (бір өкпенің болмауы) қарамастан баласын өмірге әкелд. Оның асырап алынған баласы бар екені белгілі, бірақ үнді әйел өз баласын туғысы келді.
Қыз бала мезгілінен бұрын туды. Дәрігерлер жүктіліктің жетінші айында кесарь тілігін жасады. Жаңа туған нәрестенің салмағы небәрі 600 граммды құрады, ол дереу жансақтау бөліміне орналастырылды. Қазір ана мен қыз дәрігерлердің бақылауында.
Бір қызығы, алдыңғы жас рекордты да Үндістан тұрғыны орнатты. 73 жастағы Ерраматти Манджайямма 2019 жылдың қыркүйегінде егіз қызды дүниеге әкелді. Әйел 1962 жылы үйленгенін айтты, бірақ бірнеше жылдар бойы күйеуі екеуі балалы бола алмады. Тек қазіргі репродуктивті технологияның көмегімен балалы болды.