Аралда «Sulpak» гипермаркеті ашылды
Арал халқы үшін жағымды жаңалық. Аудан орталығында еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі «SULPAK» гипермаркеті ашылды. Ауқымды сауда нүктесінің тұсаукесеріне аудан жұрты көптеп жиналды.
Нарықта 25 жыл бойы көш бастап келе жатқан танымал электроника және тұрмыстық техника сататын «SULPAK» гипермаркетігінің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа сауда орталығының ашылуымен құттықтайды. Сондай-ақ «Sulpak» гипермаркетін аудан орталығынан ашуға, жерлестері үшін беделді дүкеннің тауарларын тұтынуға, жалпы ірі жобаны жүзеге асыруға атсалысқан жергілікті кәсіпкер Жұбаныш Аманжоловқа ризашылығын білдіріп, кәсібіне береке тіледі. Сонымен қатар шара барысында Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ш.Дәрмағамбетов игі бастамаға ізгі лебізін жолдады. Одан кейін «Sulpak» компаниясының Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша директоры Юрий Голотюк аралдықтарды еліміз бойынша ашылған 122-і дүкеннің ашылуымен құттықтады.
Айта кетейік, жалпы алаңы 1200 шаршы метр болатын гипермаркет Қызылорда облысы бойынша ең үлкен сауда орталығы саналады. Мәжіліс залы, қауіпсіздік бөлмесі, қойма, асхана орналасқан ғимаратта «Хоумкредит», «Каспий», «Еуразиялық» банк өкілдері қызмет көрсететін болады. Келушілер үшін мұнда барлық талаптарға сай жағдай жасалған.
Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 30 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған. Қызметкерлерге төленетін төменгі айлық жалақы мөлшері 90 мың теңге болып белгіленген.