Арал ауданына жаңа сот төрағасы тағайындалды

Жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі сот билігіне деген жауапкершілік күн санап арта түскенін тілге тиек ете келе, бүгінгі жиналған актив отырысында аудандық сотта бірқатар кадрлық өзгерістердің орын алғандығын жеткізді. Одан әрі, Қызылорда облыстық сотының судьясы Е.Тұрбаев Арал аудандық сотының жаңа төрағалығына Садуақасова Камшат Ашимқызы және аудандық соттың жаңа судьясы болып Бертай Серік тағайындалғанын атап өтті. Тиісінше аудан басшысы М.Оразбаев осы уақытқа дейін аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келген азаматтардың ел игілігі жолындағы еселі еңбегіне алғысын жеткізе келе, жаңа тағайындалған сот төрағасын лауазымымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.