» » Мемлекеттік қызметке белсенді жастар қажет

Мемлекеттік қызметке белсенді жастар қажет

    Студенттер сарайында қаламыздағы жоғары оқу орындарының басшылары мен студенттері бас қосты. Онда Президент Қ.Тоқаевтың "Сындарлы диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы дайындығы бар жас кадрларды тарту қажеттілігі бойынша әңгіме өрбіді. Басқосуда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі, Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Есмаханов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Ә.Мыңтай, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ж.Базартай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Талқанбаев сөз сөйледі. Бүгіндеаймақта мемлекеттік қызметте 3 539 адам еңбек етуде. Олардың 558-і 29 жасқа дейінгі азаматтар.
"Қазіргі таңда елімізде өзінің білімі мен біліктілігін көрсете білетіндер үшін жұмыс тәжірибесі көп болмаса да мемлекеттік қызметке тұруға  және одан әрі жоғарылауға мүмкіндік бар. Тұтастай алғанда белсенді жастардың мемлекеттік қызметте жоғарылауына мүмкіндік мол. Себебі мемлекеттік қызметте жас азаматтардың келуі де негізгі қағида ретінде қалыптасқан", - деді Н.Талқанбаев.



17 қазан 2019 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031