ЖОМАРТ ЖАН
Болат Жәмиұлы ‒ еліміздегі ең ірі кәсіпкердің бірі. Ол алғаш еңбек жолын өзі тәмәмдаған «НАРХОЗ» университетінде оқытушы болып бастаған. Болат Жәмиұлы 1957 жылы Гурьевте қазіргі Атырау қаласында дүниеге келген. Деседе балалық шағы Қызылорда қаласында өткен. Ол сол кездегі Ворошилов атындағы № 3 мектептің түлегі. Оқушы кезінен-ақ өзінің тапқырлығымен көзге түскен Болат мырзаны жарқын болашақ күтіп тұрғаны айдан анық еді. Ол адал еңбегінің арқасында Forbesжурналынан ойып тұрып орын алды. Отандық ғана емес, батыстық ақпарат назарында жүретін Болат аға өзінің қазақилығын сақтап, ең мәрт кәсіпкерлердің көшіне іліккен.
Қазіргі таңда Қазақстанның теннис Федерациясының президенті Болат Өтемұратов еліміздегі ең бай 50 адамнын тізімінде. Оның ең алғашқы ұтымды кәсібі «АТФ Банкінің» дамуы және оны итальяндық UniCredit ұйымына сәтті сатылуы болды. 1995 – 2007 жылдар аралығында банктің тұрақты тұтынушыларының саны артып оның 160 қа жуық бөлімшелері ашылып 8 млрдқа жуық бірліктің иесі атанды. 2009 жылғы дағдарыстан кейін Болат Жәмиұлы Kassa Nova атты ең алғашқы микрокредиттік банк және кәсіпкерлікке бағытталған ForteBank банкінің негізін құрады. Бүгінде ол қос бірдей телекоммуникациялық комнияның иесі. Оның біріншісі «Кар Тел» операторы болса екіншісі Қырғызстан республикасында қолданылатын «Sky Mobile» атты Beeline мен жұмыс жасайтын оператор.
Қызылорда қаласының сол жақ жағалуында көп балалы аналарға арнап 100-ден астам тұрғын үй құрылысын бастады. Негізі көптен бері шешімін қиындықпен тауып келе жатқан әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы аналардың пәтерге қол жеткізуіне Болат Өтемұратов тікелей себепші. Жалпы саны 150 ге жуық тұрғын үйдің 149 – ы көп балалы аналарға арналса оның біреуінде Халыққа Қызмет көрсету Орталығы орналасады. 150 үйдің 50 – і жергілікті бюджеттен қарастырылса 100 тұрғын үй «Болат Өтемұратов» қорының бастамасы болып табылады. Одан бөлек облыстағы ірілі-ұсақты көмек көрсету шарарларына жиі түрде қаржы құйып отырады.
Болат аға Қазақстан және Ресей эстрадасының жұлдызы, әнші, саксафоншы Батырхан Шөкенов атындағы қоғамдық қорға да аянбай үлесін қосты. Осының арқасында жерлесіміз, аңыз адам Батырхан Шөкеновтың жарыққа шығып үлгермеген әндерін таспалап тыңдарманға жол тарттырды. Ең қуаныштысы «Батырхан Шөкенов» атындағы грантты жариялады. Құрманғазы атындағы консерваторияның үрлемелі аспаптар мамандығында оқитын студенттердің ең ұтқыры 500 мың теңгеге дейінгі шәкірт ақы иегері атана алады. Екі жылға жалпы саны 10 шәкіртақы беріледі деп жоспарлануда. Яғни бір студенттің басына шаққанда тура 500 мың теңге болмақ. Бұрын соңды дәл осы аспаптық бөлімге көңіл бөлген адамды ойға келтіру қиын-ақ. Оның үстіне Батырхан Қамалұлының осы білім ордасын тәмәмдаған тұңғыш саксафоншы екені көпке мәлім.
Бұндай еңбектерді тілге тиек ете отырып бір адамның қолынан келетін шаруаның шексіз екенін айтқым келеді. Ірілі-ұсақты әр кәсіпкер өнген топырағына міндетті түрде көмек жасағаны жөн. Болат Жәмиұлы бүгінгі күні аймағымыздың Құрметті азаматы.
Д. РАШИДҰЛЫ