» » 40 секундта тонау

40 секундта тонау



Түркістан облысында үш ер адам 40 секунд ішінде жанармай құю бекетін тонап кетті. Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілердің бірі қолға түскен деп жазады өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасаған

Қазан айының ортасында таңертең жанармай құю бекетіне шабуыл жасалғаны хабарланды. Полицияға хабарлама таңғы алтыда түскен.
"Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Полицияның мәліметінше, ЖҚС-на екі адам шабуылдаған. Ер адамдар бетперде киіп, қолдарында қосауыз мылтық пен газ баллоншасы болған.
Станцияға шабуыл жасалған кезде онда үш қызметкер болыпты.
"Шабуылдаушылар операторға газ баллоншасын шашқан, күзетшіге қару кезеп, кассир қызды қорқытып, кассадан 170 мың теңге көлемінде алған", - деді полиция.
Ақшаны оңай ұрлаған күдіктілер бекет маңында көлікте тосып тұрған үшінші сыбайласымен бірге көлікке оытыр, оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс бар-жоғы 40 секунд ішінде жасалған.
Жақында полиция күдіктілердің бірін қолға түсірген. Қалған екі күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушылардың бірі бұрын сотты болған.
21 қазан 2019 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031