» » Жылу маусымына дайындық

Жылу маусымына дайындық

Облыстық ішкі саясат басқармасының «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» жобасы аясында Тұрғындардың әлеуметтік желідегі өтініштері мен ұсыныстарынан туындаған қоғамдық бақылау өтті.
Қорқыт ата М.Қаратаев, Ш.Базарбаев көшелерінде «Жекеменшік үйлердің газбен жабдықтау жүйелері қауіпсіздігі жөнінде» қоғамдық бақылау жүргізілді. Қалалық және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері Ахылбаев Бархан және Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Бердибаев Шынгыс және Ертуганов Талғат қатысып газбен жабдықтау жүйелері үйлердің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және жалпы ережелер айтып өтті. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес тұрғын үйлер мен ғимараттарды ұстау тәртібін түсіндірді, қазандықты жобалау, салу және орналастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын «Қазандық қондырғылары», «Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту қазандарына арналған технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы талаптар және т.б. газбен қамтамасыз ету саласындағы басқа да құқықтық-нормативті актілер туралы түсіндіріп кетті. Газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, үй жылыту пештерін қолдану ережелері, қазандық бөлмесіне қойылатын талаптар, газ баллондарын қолдану мен сақтау ережелері және қолөнершілердің шығарған (қолдан жасалған) пештерін қолдануға тыйым салынатыны туралы да түсіндіріп кетті. Тұрғын үйлердің қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелерді айттып өтті.
21 қазан 2019 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031