"Ақша бар": Меруерт Түсіпбаева тек қымбат көлік мінетінін айтып мақтанды

Шоу-бизнес жұлдызы көлігіндегі арнайы тапсырыспен алынған нөмірдің де арзан емес екенін айтып қалды.
"Мен қымбат көлік мынып жүрмын. Менің көлігімдегі нөмірдің өзі қымбат тұрады. Өздеріңіз білетіндей, қазір нөмірлер сатылады ғой. Сол үшін менің нөмірім де, көлігім де қымбат. Мен қызықпаймын. Балам маған "неге Prado міне бересің?" деп айтады. Prado жаңадан шықса, жаңасын ала беремін.Ұлым менің қызыл Gelendwagen мінгенімді қалайды. Бірақ, мен ауыстырғым келмейді. Өзім негізі қанағатшыл, қарапайым адаммын. Әрине, мінсем болады. Ақша бар, құдайға шүкір. Қызыл болсын, басқа рең болсын Gelendwagen де міне аламын. Бірақ, маған Prado жеткілікті. Соңғы модельдегі Prado мінемін. Менің көңілімнен шығады" , - деді әнші.