» » Ваннада жатқан видеосын жариялап, жұртты ашуландырды

Ваннада жатқан видеосын жариялап, жұртты ашуландырды

  Солтүстік осетиялық блогер Малика Джикаева ваннада жатып түскен видеосын жариялап, Instagram қолданушыларын ашуландырды. Ваннада хиджабпен жатқан бойжеткен түрлі әрекеттер жасаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео кадрларында блогер бойжеткен үстіне душтан су ағызып, артынша косметикалық құралдардың бірін тіліне құйып, ваннадағы суға түсіп, отпен ойнап, сүт ішіп, оны кеудесіне төгеді. 
«Менің тарапыма айтылатын сындардың бірде бірі өзім туралы пікірімді өзгерте алмайды. Сондықтан дауыстарыңыз қарлығып қалса да, маған бәрі-бір», - деп жазды Джикаева.
Пікір қалдырушылардың кейбіріне блогердің видеосы ұнаған. Алайда желі қолданушыларының дені оның әрекетін сөгіп тастады.
«Сол орамалға қалқынып қалсаң екен. Саған қараудың өзі күнә», - деп жазды қолданушы Mmmaaarh.
«Дін мен хиджабты қорлама. Егер видеодағыдай әрекеттер жасағың келсе, орамалыңды шеш те, ойыңа келгенді істе», - деп жазды _rustam_shovda_.

25 қазан 2019 ж. 496 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031