» » Ғашықтар кір жуатын жерде үйленді

Ғашықтар кір жуатын жерде үйленді

   

АҚШ-тың Теннеси штатында 11 жыл кездесіп жүрген ғашықтар үйленді. Алайда олардың тойы қарапайым адамдарға қарағанда өзгеше өтті. Ерлі-зайыптылар өздері алғаш рет танысқан кір жуатын жерде некелерін қидыртты деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шерил Смит пен Джеймс Найт алғаш рет "Soap Opry Coin" атты кір жуатын орында танысқан. Бірін-бірі ұнатқан ғашықтар 11 жылға жуық уақыт қыз-жігіт болып кездескен.
Ең қызығы, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты мекенжайы жоқ. Бір сөзбен айтқанда олар үй-күйсіз жүрген адамдар.
Жұптың басына көптеген қиындықтар түскен. Алайда Шерил мен Джеймстың айтуынша, олар махаббатары үшін бәріне төтеп бере алған.
Жуырда кір жуатын орында қос ғашықтың тойы өтті.
Қалыңдық пен күйеу жігіт тойға қайырылымдықтан түскен киімдерді киді. Мерейлі дастарханда тәтті торт пен пицца тұрды. Десе де, ерлі-зайыптылардың пәтер мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ. Мәселен Шерил осы күнге дейін өзі жұмыс істеп келген кір жуатын орында тұрған.
Алайда қос-ғашық бірге болса, бәріне төтеп беріп, өмірдерін жақсартатынына сенімді.

25 қазан 2019 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031