Өскемендегі сауда үйінің едені неліктен құлпытас бөлшектерінен төселген?

YK-news.kz хабарлауынша, жеке кәсіпкер Козырев материалды жеткізуге жауапты болған. Гранит өңдеу шеберханасындағылар жағдайды түсіндіріп өтті.
"Біз қаптау жұмыстарымен де айналысамыз. Бізге Қытайдан және Алматыдан алдын ала кесілген граниттер жеткізіледі. Біз оларды арнай контейнерге жинақтаймыз. Құлпытастарға портрет салатын суретші тапсырыс берген адам бас тартқаннан кейін құлпытасты дәл сол контейнерге салған. Жұмысшылар материалды сұрыптап алулары керек еді. Алайда, байқамай қалған болуы керек", - деді шеберхана өкілі.Айта кетейік, өңірдегі "Әлем" сауда үйінен түсірілген фото мен видео желіде тарап кетті. Суреттерде мозаикалық еденді төсеген кезде қайтыс болған адамдардың портреттері бейнеленген құлпытастардың қалдықтары пайдаланылғаны көрініп тұр.