» » “Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың” қалай жасалатыны белгілі болды (видео)

“Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың” қалай жасалатыны белгілі болды (видео)

“Ыстықкөл құсфабрикасы” кәсіпорынының директоры Сталбек Мамбеталиев “резеңкелі” жұмыртқалардың қалай пайда болатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
 Директор ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандарына жұмыртқалардың жасалуын көрсетті.
“Қатты суыққа ұшыраған жұмыртқалар қайнағанда осындай тығыз болып қалады. Тауықтың жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес”, — деді Мамбеталиев.

Директор бірнеше жұмыртқаларды, сонымен қатар, тоңазытқышта жатқандарды қайнатты. Сосын қытайдың жасанды заты деп мәлімдеме жасаған Оштың тұрғыны сияқты жұмыртқаларды көрсетті.
Осыған дейін желіде Өскемендегі “пластмассалық” жұмыртқалар жайлы видео пайда болған.
“Бүгін жұмыста Қытайдан келген пластмассалық жұмыртқаларды көрсетті. Енді Қазақстанға да жетті. Олар үстелде ары-бері теңселетін ойыншықтар сияқты тұрады. Әдейі жардық ал ішінде гель. Жұмыртқаның таңбасы бар. Қайнатсаң, ағарады. Байқаңыздар, сатып алғанда абай болыңыздар”, — дейді кадр сыртындағы дауыс.

Осы видеодан кейін ветеринарлық бақылаудың мамандары мен санитарлық дәрігерлер облыстағы дүкендер мен жаппай сатып алуға болатын сауда орындарын тексерді. Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері видеоны 100 пайызға фейк деп атады.

Видео: http://stan.kz/kytaydan-kelgen-geldi-zhumyrtkalardy/
25 ақпан 2019 ж. 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031