Қызылордалық жігіт арықтаудың амалын тапты (фото)
Қызылордалық жігіт Жасұлан Нұрланұлы өзінің қатты толып кеткенін біліп қиналған. Ол өзінің қалай артық салмақтан арылғанын facebook парақшасында жүктеген видеосында айтты. Біз хабарласып құпиясын білдік.
"Толып кеттім. Жүгіре алмай қалдым. Сәл жүгірсем ентігіп қалатын болдым. "Арықтық ауру шақырады" дегенді еститін едім. Артық салмақта зиян екен. Қайтсемде құтыламын деп мақсат қойдым"' - дейді кейіпкеріміз.
"Дұрыс тамақтану маңызды. Майлы тағаммен тәттілерден бас тарттым. Газдалған сусынды да біртіндеп азайттым. Арықтау үшін түрлі желілік компаниялардың шай суын ішкенім жоқ", - дейді Жасұлан.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2793252694058234&id=100001205931716
Жасұлан таңмен таласа оянып жаттығу жасаудан бастағанын аятады. "Жұмыc, үйдің тірлігі спортпен шұғылдануға кедергі емес. Сылтауды қойып іске кірісу керек. Жаттығу залына барудың сәті түспесе, үйдің ауласына шығып амалын табуға болады" дейді ол.
Қоғамдық өмірге белсенді атсалысатын азамат баршаңызды саламатты өмір салтын ұстануға шақырады.Гүлбану Мақажан