» » Аудан әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Аудан әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

 
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Меңлібаев Еркебұлан Қайырбекұлы жаңа қызметке тағайындалды.Оны шығарып салу жиынында сөз алған аудан әкімі Мұса Оспанұлы:
– Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы жаңа қызметке тағайындалып отыр. Ол өз ісін жақсы білетін, басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі мол маман. Қай қызметте болсын жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқарып келген азамат. Ауданымызда жемісті еңбек еткені үшін алғыс білдіремін.Жаңа қызметіне табыс тілеймін, – деп ізгі тілектестігін білдірді.
Аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін оған ауданымыздың ең жоғарғы наградасы Қармақшы ауданының Құрмет грамотасы тапсырылды.
Айта кетейік, Еркебұлан Қайырбекұлы ауданымызды 2018 жылдан бастап еңбек етіп келді. Өзінің іскерлігі мен біліктілігінің арқасында жемісті еңбек етіп, аймақтың әлеуметтік және экономикалық әлеуетінің артуына өлшеусіз үлес қосты.

27 қазан 2019 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031